Жалпы ата - аналар жиналысы!
С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында 28.02.2018 жыл.күні мектепшілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында тыңдалған мәселелер: Тарих пән мұғалімі Карибжанов Е.Т дәстүрлі діни ағымдар туралы қысқаша мәлімет беріп өтті. Мектеп психологы Мукажанова Д. Жас өспірімдер арасындағы күйзеліске түскен жағдайдағы мінез - құлықтың алдын алу барысындакүнделікті жасөспірімдердің тыныс-тіршілігін қадағалау – олардың өмір қауіпсіздігін нығайта түсетінін де ескерте кетті.Бағдарламаның енгізілуі жөнінде Білім және ғылым министрлігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің және Қарағанды облыстық білім басқармасының бұйрығымен таныстырды. Ата-аналарға психикалық денсаулық туралы мағлұматтар айтып, бағдарламаның маңыздылығы мен өзектілігін түсіндірді. Информатика пән мұғалімі Кусаинова А.Р. қауіпсіз интернет аясында ата-аналарға қысқаша мәлімет беріп өтті.
Дата: 1.03.2018, 13:02 Автор: №7 МГ