«Бір аймақ-бір мектеп»
12.02.18 күні «Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп гимназиясының 3 Д сынып оқушылары «Бір аймақ-бір мектеп» аясында «Сиқырлы тон» ертегісін сахналады. Жетекшісі : Пшенбаева Ж.К. Мақсаты: Балаларды қазақ ертегілерімен таныстыруды жалғастыру. Тапқырлыққа тәрбиелеу. «Бір аймақ-бір кітап» акциясы Балқаш қаласының мектеп кітапханаларында да өз қолдауын табуда. Мақсаты-қазақ ертегілері арқылы оқушыларды рухани байыту, тәрбие тағылым алу. Оқушылар таңдаулы ертегілерін оқып, өз араларында пікірлерін ортаға салды. Ол салған ертегілеріне буклет кітапша жасалынды. Еңбек сабағында оны ермексазбен мүсіндеп те көрді. Жыл басына таласқан хайуандар ертегісін 4Б сынып оқушылары сынып жетекшісі Ныганкызы Айгуль ұйымдастыруымен сахналық қойылым қойылды. Қойылым өте тартымды,көркем болып өтті. .Көрермен оқушылардың көңілінен шықты.Оқушылар тарапынан қызығушылықтарының басым екені көрінді. Кітапты өз ықыластарымен оқып,оқудан үлкен ләззат алғандары сезілді.
Дата: 14.02.2018, 10:31 Автор: №7 МГ