“Болашақ инженерлер” жобасы “Үшөлшемді компьютерлік модельдеу” қалалық семинар
2017 жылдың 20 - желтоқсан күні «Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ-де “Болашақ инженерлер” жобасы “Үшөлшемді компьютерлік модельдеу”курсы бойынша қалалық семинар өтті. Семинарға информатика, технология пән мұғалімдері қатысты. Семинардың мақсаты мұғалімдерді PTC Creo Parametric бағдарламасын таныстыру. Осы бағдарламамен мұғалімдер жұмыс жасауды үйренді. Мұғалімдерге тапсырмалар берілді, сол бойынша тәжірибелік жұмыс атқарылды. Семинарға келген мұғалімдердің қызығушылықтары артты. Мұғалімдер PTC Creo Parametric бағдарламасы туралы өз ойларын ортаға салды. Бұл бағдарлама мұғалімдерге ұнады.
Дата: 21.12.2017, 10:08 Автор: №7 МГ