«Балқашым-бағым» атты мектепішілік мәнерлеп оқу сайысы өтті.
Қараша айының 23-і күні Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының мұражайында 2-4 сынып білім алушыларының арасында елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласына байланысты Балқаш қаласының 80 жылдығына арналған «Балқашым-бағым» атты мектепішілік мәнерлеп оқу сайысы өтті. Әр сыныптан келген оқушылар Балқаш қаласына арналған ақындардың өлең-жырларын нақышына келтіріп мәнерлеп орындауға тырысты. Мәнерлеп оқу сайын бастауыш сынып мұғалімі, мектеп тренері Исабаева Айман Турсымбековна жүргізді. Әділқазы мүшелерінің шешімі бойынша Бас жүлдені 2 «Б» сынып оқушысы Совет Мәди, өз өлеңін оқыған 3 «А» сынып оқушысы Смағұл Жанар, 4 «А» сынып оқушысы Сиязбек Алия иеленді. 1орынды 2 «А» сынып оқушысы Екпінбай Аруназ бен 2 «Ә» сынып оқушысы Сағындық Талшын өзара бөліссе, 2 орынды 3 «Г» сынып оқушысы Хабдысалам Гүлсара жеңіп алды. 3 орынды 2 «Г» сынып оқушысы Әбдіәшім Жанерке иеленді. Жас ақын Смағұл Жанарға «Балқаш» жайлы өлеңдердің аздығына байланысты өз туған қаламызға арнап өз өлеңдерін көбірек шығарса деген ұсыныс айтылды. Сайыс соңынан жеңімпаздар арнайы дайындалған мадақтамалармен марапатталды.
Дата: 28.11.2017, 10:59 Автор: №7 МГ