Жаңалықтар

Жеңістің туын желбіреткен ұлдар командасы

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2012-11-22 05:35:37
    Қалалық оқушылар  спартакиадасының кестесі бойынша  кіші волейболдан  өткен мектепаралық сайыста  С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының  5-сынып оқушыларынан құралған ұлдар командасы жүлделі  I орынды иеленді. Жетекшісі: Сауғамбаев Т.Е. Жеңістің туын желбіреткен жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!
Автор: №7 МГ

Оқушыларды қиял әлеміне жетелеген сабақ

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2012-11-19 09:25:36
15 қараша күні С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында «Биоақпараттандыру және синергетика» технологиясының «Ауызша-1» картасы бойынша  7 Ә сыныбында орыс әдебиеті пәнінен «Гадкий утенок» деген тақырыпта ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі: Сәрсенбаева Ләззат Төлеубайқызы. Мақсаты: оқушыларды қиял әлеміне, арман биігіне жетелеп, жақсылыққа, ізгілікке се...
Автор: №7 МГ

«Жүректен жүрекке»

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2012-11-02 02:15:57
Ата-ананың бауыр еті баласы, Бала деген көздің ақ пен қарасы. Шын жүректен алғысымды білдірем, Рахмет сізге, мектебімнің қамқоршы ата-анасы         Қазанның 30 күні Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында қамқоршылар күніне арналған «Жүректен жүрекке» атты мерекелік кеш өтті.      Әлеуметтік педагог Тлеуб...
Автор: №7 МГ

«Сәкен жастарының» жеңісі

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2012-10-22 16:57:59
                 20 қазан күні Мысшылар сарайында «Көңілді тапқыштар клубының»  төрт команда арасындағы   финалдық ойыны өтті. Мектебіміздің «Сәкен жастары» командасы жүлделі  I орынды қанжығаларына байлады.  Команда мүшелері Асқар Т., Бейсенғалиев Е., Мақсұтбек Н., Адай А.,...
Автор: №7 МГ

«Күз-мереке, күз - береке»

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2012-10-22 16:47:51
      С.Сейфуллин атындағы  №7 мектеп-гимназиясында  19-20 қазан күндері 5-10 сыныптар аралығында «Күз-мереке, күз - береке» атты алтын күз байқауы өткізілді. Байқаудың шарттары бойынша оқушылар түрлі  салат түрлерін және табиғи заттардан кәдесыйлар жасап,  өнерлерін, күзгі киім үлгілерін, көрсетіп, белсенділіктерін таныта білді.Кеш соңынд...
Автор: №7 МГ

10 қазан –кәсіподақтар күні

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2012-10-10 16:05:24
Кәсіподақ ұйымы - еңбек адамының құқығын, мүддесін  қорғауға белсене араласып келе жатқан ұйымдардың бірі. Кейбір жеке бастың сұрақтарын және көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуде де кәсіподақтың алар орны ерекше. Осындай игілікті істерге  ұйытқы болып жүретін кәсіподақ мүшелерін төл мерекелерімен құттықтаймыз!
Автор: №7 МГ

Дәстүрлі мұғалімдер мерекесі

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2012-10-10 10:21:46
Дәстүрлі мұғалімдер мерекесі мектебімізде тойланды. Оқушылар өзін-өзі басқарып , мұғалімдермен рөлдері ауысып, ұстаздарына қызықты сабақтар өткізді. Осы күні ардагер ұстаздарды қарсы алып, арнайы концерттік бағдарлама ұсынылды.
Автор: №7 МГ

«Қариялар азайып бара жатыр…»

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2012-10-04 09:25:20
          Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының 8А сыныбы сынып жетекшісі Әділбекова Айгүл Ажанқызының ұйымдастыруымен  «1 Қазан-Қарттар күнін» мерекелік шара ретінде атап өтті.   Мерекеде ата-әжелер қонақ ретінде күтілді. Қарияларымызға оқушылардың дайындаған аздаған концерттік бағдарламаларынан соң,барынша сы...
Автор: №7 МГ

«75 қайырымды іс»

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2012-09-21 08:34:45
      14 қыркүйек күні қалалық  білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Балқаш қаласының туған  күніне орай «Балқаш слайдта» атты  сайыстың    медиа- тұсаукесері өтті. Қазылар алқасы еңүздік слайд-шоуларды іріктеп, әкімдік пен білімбөлімініңвеб-сайттарына орналастырды. Мектебіміздің 10-сынып оқушысы Жұмабай...
Автор: №7 МГ

Салауаттылық – денсаулық негізі

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2012-09-10 05:00:38
        8 қыркүйек күні С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп- гимназиясында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спорт күні аталып өтті. Аталған іс-шара салтанатты жиынмен ашылды.  Оқушылар музыка ырғағымен ертеңгілік жаттығуларын жасап, түрлі спорт түрлерінен  жарыстарға белсене қатысты. Мектеп ауласындағы көпсалалы кортта мектебіміздің футбол...
Автор: №7 МГ

«Мектепке жол» акциясы

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2012-09-06 08:57:41
     29 тамыз күні сағат 11.00де  «Мектепке жол» акциясына байланысты жиын өтті. Акцияның мақсаты - жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған  балаларға, аз қамтамасыздандырылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсету: оқу-жазу құралдарымен, оқулықтармен, киіммен қамтамасыз ету. Жиынға №7 мектеп-гимназия мұғ...
Автор: №7 МГ

Сыңғырла, күміс қоңырау!

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2012-09-01 09:26:39
  1 қыркүйек күні С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында алғашқы қоңырау салтанаты өтті. Рәміздердің 20 жылдығына арналған салтанатты мерекеге қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы Бейсекенов Д.М. мен қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі кәсіподақ ұйымының төрайымы Колесникова Г.В. қатысты. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әлмұқанова З.Ш. 2012-2013 оқу жылы...
Автор: №7 МГ

бiрiншiсi 1 87 88 89 90 91 соңғысы