Размер шрифта:

Мектепке дейінгі білім беру мекемесі басшысының көпшілік алдында есеп беруі

 
11.12.2020 жылы "Балқаш қаласының білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің"Балдырған" мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекеме басшысы СуйгенбаеваЗ.С. ата-аналарға"Басшы сағаты" онлайн жиналысын өткізді.Күн тәртібі бойынша:ата-аналарға карантинге байланысты балабақша тәртібі, санитарлық талаптарды сақтай отыра жаңа жылдық мереке қалай өтетіні жайлы түсіндірілді.Соңында ата - аналарды толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берілді.
 
"Басшы сағаты"

30.03.2021 жылы Zoom платформасында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. 

Күн тәртібі бойынша: 01.04.2021 жылдан бастап балабақшаның ұйымдастыру жұмысы туралы ата-аналарға түсіндірілді. 

Ата-аналар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды.

 
 
09.04.2021 ж. 
 
 

Балалармен экскурсия, серуендеуді ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі

НҰСҚАУЛЫҚ

 

  1. 1.Тәрбиеші осы нұсқаулықты жақсы білуі тиіс.
  2. 2.Тәрбиеші балалардың өмірі мен денсаулығына әрі серуен менэкскурсияның  қауіпсіз өткізілуіне толықтай жауап береді.
  3. 3.Тәрбиеші алдын ала серуендейтін орында баларға қауіпті заттардың бар- жоғын тексеруі тиіс.
  4. 4.Телімде балалар үшін қауіпті нәрселер болмауы тиіс: сынған шыны, сым, шеге, тастар, тікенегі бар ағаш бұтақтары, улы өсімдіктер мен саңырауқұлақтар.
  5. 5.Серуендеу алдында жабдықтың (алтыбақан, төбешік, үстел, әткеншектің орындығы) беріктілігі тексеріледі.
  6. 6.Алып шыққан ойыншыктар таза және кауіпсіз болуы тиіс.
  7. 7.Тәрбиеші серуендеу немесе экскурсия алдында әр баланың сәйкес киімі мен аяк киімі бар екендігін тексеруі тиіс.
  8. 8.Жылдың ыстық мерзімінде серуенге, экскурсияға арналған бас киімнің болуы міндетті.
  9. 9.Экскурсияга бара алмайтын балалар туралы меңгерушіге алдын ала ескерту қажет. Бұл балалар ересек адамның қарауына қалдырылады.

10.Балалармен серуендеген уақытта кем дегенде екі адам еріп жүруі тиіс.

11.Өздерімен бірге алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасын алу қажет.

12.Тәрбиеші серендеуге шығарда балалардың санын нақты білуі және әлсін-әлсін оларды санап, тексеріп отыруы тиіс.

13.Көлік козғалысы көп көшелерде серуендеуден қашқақтаған жөн.

14.Көшеден өткенде жол қозғалысы ережесін сақтау және балаларды бағдаршам белгілеріне үйрету.

15.Экскурсияга шығардан бұрын алдын ала меңгерушіге ескертіп, тіркеу журналына қол қойылуы қажет.

16.Экскурсия алдында балалармен экскурсияда өзін-өзін ұстау ережелері туралы нұсқаулық өткізу.

 
 
 
 
 
 
 
 

09.07.2021ж

Директор блогына "Білім беру обьектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен қызметкерлерді таныстырды.