Мини центр "Айбөбек"
№24 орта мектеп жанындағы
«Айбөбек» шағын дамыту орталығы.
2006-2007оқу жылынан бастап №24 орта мектеп жанында «Айбөбек»шағын дамыту орталығы ашылды. «Ел болам десен, бесігіңді түзе».Тек отбасында ғана емес,шағын орталықтарда тіл үйреніп,халқымыздың салт-дәстүрін бойына сіңіріп, құнарлы бай әдебиетімізден нәр алып өскен баланың болашағы қашанда жарқын болары сөзсіз. Шағын орталықта жас ерекшеліктеріне қарай 4 топқа бөлінеді.Бірінші 3 жастағы балаларға арналған «Балдырған»тобы, 5 жастағы балаларға арналған «Балауса», 6 жастағы балаларға арналған «Балдәурен»тобы.Осындай жас ерекшеліктерін ескере отырып, гигиеналық талаптарға сәйкес балалардың ойын, оқу және жатын бөлмелері кіріктіріле жабдықталған 3 топ бөлмелері бар және 1 бөлмеде асхана орналасқан. Онда 72 орын қамтылған.
Мектебіміздің 2 қабатында орналасқан аталмыш орталықтын жұмыс тәртібі 5 күнге негізделген.Бөбектердің жатын,жуынатын бөлме,сабақ кестесі және күн тәртібі санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жасалған.Балалар таңертен 08.00-дан қабылданып,18.00-ге дейін тәрбиеленеді.Шағын орталықта әдіскер,8 тәрбиеші ,1психолог, медбибі, музыкант, 4 тәрбиеші көмекшісі қызмет атқарады. Таңертеңгі сағат 09.00-де жаттығулар басталып әрі қарай әр топ өз күн тәртібіне байланысты жұмыстарын жалғастырады. Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауда шағын орталықта әр түрлі сауықтыру- шынықтыру шараларына, ертеңгіліктерге көп көңіл бөлінеді. Мысалы: «Алтын күз», «Туған жер», «Жаңа жыл»кешінде, «Менің анам», «Бірлік-түбі тірлік»және т.б Шағын орталық топтарында ойындармен қоса қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру,тіл дамыту,орыс тілі, дене шынықтыру,музыка, қоршаған ортамен таныстыру, жапсыру, бейнелеу , құрастыру сияқты сабақтары да жүргізіледі.
Жас ұрпақтың бойына адамгершілік-рухани қасиеттерді сіңіру ата-ана мен тәрбиешілердің басты міндеті.