"Балауса" жазғы алаңының II маусымы

"Балауса" жазғы алаңының II маусымы 

нәтижелі

пайдалы

көңілді 

қызықты болып өтті.

   Әр күн сайын оқушылар шығармашылық қабілеттерін көрсетті, әр түрлі зияткерлік сайыстарға, викториналарға қатысып өздерінің  білімдерін көрсетті, ой-өрісін кеңейтіп, патриоттық сезімдерін дамытты. Жазғы алаң тәрбиеленушілері әр түрлі бағытта өздерінің дарындылықтарын көрсетті. Әр түрлі қызықты іс-шаралар арқылы оқушыларда халқымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрін кеңінен дәріптеуге үлес қосып,өзінің туып-өскен жеріне деген сүйіспеншілігін арттырды, спортпен шұғылдану арқылы физикалық күш-жігерлерін нығайтты. Осындай алаң оқушылардың бойында ұжым алдындағы жауапкершілікті қалыптастырады, оқушылар арасындағы жақсы микроклиматтың құрылуына ықпал етеді. Сонымен қатар әр бір топ алғыс хатқа ие болды. Алаң кезеңінде өз белсенділіктерін танытқан оқушылар мақтау қағазымен  марапатталды. Балалар бір-бірімен қимастықпен қоштасты.