«Кітап - ұлт байлығы»
Бүгінгі "Балауса" алаңының кезекті күні мектеп кітапханасында «Кітап - ұлт байлығы» кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру. Оқушыларға кітап жайлы ақпараттық буклет, ертегілер, журналдар таныстырылды. Кітап көрмесінен кейін, «Кітап- ең жақын досың» атты викторина өтті. Викторинада оқушылар өз білік-білімдерін ортаға салып, жеңімпаздар анықталып, марапатталды.