Жазғы мектеп- 2022

Негізгі пәндер бойынша оқу дағдыларын қалыптастыру және дамыту мақсатында 26.05.22 ж.бастап 17.06.22 ж. аралығында №24 мектеп – интернат базасында "жазғы мектеп"ұйымдастырылды. Жазғы мектепке барлығы 80 бала келді.
Сабақтар дүйсенбіден жұмаға дейін 45 минуттан өткізілді. Сабақтарда тұлғаның зияткерлік және шығармашылық дамуы және эмоционалдық саулығы, баланың жеке тұлғасының шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруы, білім алушылардың пәндік құзыреттіліктерін дамыту үшін заманауи білім беру технологияларын қолдану арқылы әлемдік және отандық мәдениеттер жүйесіне оның кірігуі үшін жағдайлар жасалды
Сабақтарда қызмет функционалдық сауаттылық дағдыларын дамытуға бағытталған: негізгі және қосалқы ақпаратты ажырата білу, мәтіннің мазмұнын түсіну және оны талдау, тақырыпты және негізгі ойды анықтау, қолда бар ақпаратты түсіндіру.
Жазғы мектеп қызметінің түрлері әр түрлі болды: оқу практикалық сабақтары, өзіндік шығармашылық жұмыстар және шағын жобалар, зияткерлік жарыстар (конкурстар, викториналар, ойындар), шығармашылық жобалар, сауықтыру (физминуткалар).
Сондай-ақ, демалыстың жобалық қызметпен үйлесуі қарастырылды: оқушылардың пән бойынша жобаларды, модельдерді, сабақтарға үлестірмелі материалдарды, презентацияларды дайындау.
Нәтижесінде оқушылар шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білімдегі олқылықтарды толтырды, функционалдық сауаттылық бойынша оқушылардың пәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру бойынша дағдылар одан әрі дамыды. Енді оқушылар логикалық және сыни ойлауды дамытуға арналған тапсырмаларды өз бетінше орындай алады, алынған ақпаратты түсіндіре алады, пәндер бойынша шығармашылық жобаларды жоспарлай алады.