" Біз бақытты баламыз"
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№ 24 мектеп-интернаты» КММ - інде 1 маусым Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай "Балауса" мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің ашылуы өтті. " Біз бақытты баламыз" атты бүлдіршіндерімізге арналған іс - шарада балалар мерекелік көңілмен қызықты ойындар ойнап, ән айтып, би биледі. Бүгінгі мерекеге орай мектеп- интернатымыздың барлық жас өркен бүлдіршін балаларын бүгінгі мерекемен құттықтаймыз! Болашақтарыңыз жарқын болсын! Ел сыйлайтын, елін сыйлайтын үлкен тұлға болып ер жетіп, әрдайым алар асулардың, жетістіктердің биік шыңына жеткейсіздер!!!