Жаңа үндеу - жаңа серпіліс
Елі сүйген , елін сүйген Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, халқымыздың ынтымағын, бірлігін одан әрі нығайтуға шақырған жаңа үндеуі жаңа серпіліс берді. Елбасының көреген саясатының арқасында Тәуелсіздік жылдары бірлігіміз артып, халқымыздың даму жолында табысты реформалар жасалып, Қазақстанымыз гүлденіп , болашаққа нық қадамдар жасалынды.
Елбасымыздың «Қазақстан қауіпті дерттің алдын алуға әлем елдерінің ең алғашқыларының бірі болып кірісті. Тиісті сақтандыру шаралары жасалды. Мемлекеттік органдар арнаулы дайындықтан өткізілді. Өзге елдерде вирус қалай пайда болып, пандемия қалай өрбіп, өршігені бақыланды. Соның нәтижесінде індеттің етек алып кетуіне мүмкіндігінше жол берілмей, ахуал күн сайын тұрақты назарда ұсталып отыр. Жағдайды оңалту үшін көп жұмыс істелді, әлі де талай шаруа атқарылатын болады. Игі мақсаттағы іс-шаралардың бәріне жер-жерлерде бүкіл халық болып қолдау көрсеткеніміз жөн», - деген сөзінен еліміздің бұл індетпен күреске дайын екенін көруге болады. Тек халқымыздың төзімділігі, ерік-жігері, өзіне деген сенімі жоғары болса , барша адамзатқа қауіп төндірген індеттен арылып, шыңдала түсетінімізді түсіндіріп берді. Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген барлық табыстардың қайнар көзі ел бірлігінде жатқанын ескеріп, жастарды еңбекке, білімге шақырып, еліміздің ең қуатты күші жаңа өскін жас ұрпақ, жастар екенін айтты. Пейілі кең, бірлігі бекем ,бауырмал халқыңыз қиындықта бірге болады! Біз біргеміз!
М.С.Есжанова
Балқаш қаласы ЖББ №24
орта мектебінің директоры