5 сыныптарға арналған «Біз біргеміз» тренинг – жаттығуы туралы ақпарат

Тақырыбы: «Біз біргеміз» тренинг жаттығуы

Сынып: 5Ә

Оқушылар саны: 13

Қатысқаны: 13

Мерзімі: қараша, 2019-2020 оқу жылы

 

Қараша айында оқушылар арасындағы байланысты нығайта отырып, бірін - бірі кеңірек танып білуге, қатысушылардың өз мүмкіндіктерін шамалауға және қыс мезгіліндегі шаршағандықтарын төмендетіп, көңіл күйлерін көтеру мақсатында «Біз біргеміз» атты тренинг – жаттығуы жүргізілді.

Ең алдымен қатысушылар арасында байланыс орнатып, қол алысып амандасу – адам көңілінің кеңдігінің символдық белгісі екендігін үйретіп,  жаттығу үнсіз орындалатындықтан байланыс көз арқылы жүзеге асырылады бұл ішкі жағымды байланысты нығайту мақсатында «Амандасу» жаттығуы жүргізілді. Оқушының ойлау қабілетін жақсарту және шапшаңдыққа сынау мақсатында «Кім жылдам?» жаттығуы жүргізілді. Сонымен қатар «Бір шындық, бір өтірік» жаттығуы жүргізіліп, оқушылар өздерінің арман – қиялдарына  саяхат жасады. Тернинг – жаттығу соңында «Жүректен – жүрекке» жаттығуы арқылы бір – біріне ыстық лебіздерін жеткізді.

 

                                                                             Орындаған: Абдраимова Л.Б