«Бірінші рет 5 – сыныпқа!» тренинг – жаттығуы туралы ақпарат

Өткізілген сынып:  5 Ә

Мерзімі:қыркүйек,  2019 – 2020 оқу жылы

Өткізілу формасы: тренинг – жаттығу

 

Оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға өткен  кезеңі бейімделу кезеңі. Өйткені,олардың пән мұғалімдері өзгереді, жаңа пәндер қосылады,жаңа сынып жетекшісі болады, оқу бөлмесі өзгеріп, оқу бағдарламасы күрделене түседі. Осының барлығы баланың жан – дүниесіне әртүрлі психологиялық жүк түсіреді де, осы 5-ші сыныпта оқушылардың бойында ортақ мәселелер пайда болады. Осы орайда 5 сынып оқушыларына жаңа оқу үрдісіне сәтті бейімделуіне әлеуметтік – психологиялық жағдай жасау мақсатында «Бірінші рет 5 сыныпқа!» тренинг – жаттығуы өткізілді.Мақсаты: 5 сынып оқушыларына жаңа оқу кезеңіне сәтті бейімделуіне әлеуметтік – психологиялық жағдай жасау.

*      Балалардың Мен – концепсиясы, нақты өзі – өзі бағалау мен төмен мектеп дербестігі арқылы тұрақты оқу мотивациясың қалыптастыру.

*      Құрдастармен, мұғалімдермен қарым-қатынас жасауға қажетті, балалардың әлеуметтік және коммуникативтік икемділіктерін дамыту.

*      Ішкі ресурстарын жұмылдыру, бір – біріне демеу көрсету.

            Тренинг – жаттығу барысында ең алдымен оқушылар бір – бірімен амандасып алды. Одан кейін «Өзін – өзі таныстыру» жаттығу жүргізілді. Оқушылардың көңіл – күйін анықтау барысында «Менің көңіл – күйім» жаттығуы жүргізілді. Нәтижесінде орташа және төмен көрсеткіштер басым болды. Одан кейін «Ғажайып орман» жаттығуы жүргізілді. Эмпатия, сенім сияқты сезімдерін дамыту. Жаттығуды жасап болғаннан кейін оқушылар «Жаттығу ұнады ма?», «Жаттығу барысында қандай сезімде болдыңдар?» деген сұрақтар бойынша талқыланды. «Жеміс-жидек» жаттығуы ұжымға жаңадан келген оқушылардың тез үйренуіне көмектеседі. Тренинг – жаттығудың соңында «Менің көңіл – күйім» жаттығуы жүргізілді. Нәтижесінде «жақсы» көңіл – күй көрсеткен оқушылар басым болды.

Орындаған: Абдраимова Л.Б