Размер шрифта:

2019 жылы 04 сәуір - 17 сәуір аралығында өткен «Қауіпсіз Интернет» ақпараттық науқаны туралы қорытынды ақпарат

   2019 жылы 04 сәуір - 17 сәуір аралығында өткен «Қауіпсіз Интернет» ақпараттық науқаны туралы қорытынды ақпарат

2019 жылдың 04 сәуір -  17 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитетінің бастамасымен «Қауіпсіз Интернет» ақпараттық науқаны жүргізілді.

 

Ақпараттық кампанияның мақсаты:кәмелетке толмағандардың, педагогтер мен ата-аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсерінен болатын проблемаларды түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет-қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату.

 

4 сәуір күні «Қауіпсіз Интернет» акциясының ашылу салтанаты өтті.Акцияның уақытына арналған жұмыс жоспарымен қысқаша таныстырды.

  Ақпараттық кампанияның мақсаты:кәмелетке толмағандардың, педагогтер мен ата-аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсерінен болатын проблемаларды түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет-қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату.

  

05- 15 сәуір аралығында «Интернет дегеніміз не?», атты 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттар өткізілді.

Мақсаты: Интернет жүйесін дұрыс пайдалану . Жасөспірімдерді интернет желісіндегі қажетсіз заттардан аулақ ұстау және оны дұрыс пайдалану жолдарын түсіндіру. Интернетттің пайдалы және зияндылығымен таныстыру.Қауіпсіздік ережесін есте сақтауға дағдылындыру. Осы іс-шара барысында оқушылармен «Интернет дегеніміз не?», «Қауіпсіз интернет» еліне саяхат», «Пайдалы және қауіпсіз интернет», «Балаларға бала жасынан бастап қауіпсіз интернет қажет», «Интернет және біз», «Интернет желісіндегі қауіпсіздік шаралары», «Интернетті қауіпсіздендіру бағытындағы шаралар»сынып сағаты, «Интернет адамға қас және дос» тақырыбынды пікірталас өтті.

Онда интернеттің пайдасы мен зияны атап өтілді. «Есіңе сақта!» айдарымен интернетті қолдана білу ережесін жатталды.Осылайша  балалардың өмірін сақтау бағытында жұмыстар жүргізілді.

  

12-17  сәуір  аралығында «Қауіпсіз интернет», «Желідегі қарым-қатынас этикасы», «Интернет менің өмірімде», тақырыптарында плакаттар, буклеттер, шығармашылық жұмыстарбуклеттер және газет  байқауы 1-11 сынып арасында өтті.  Іс-шараға барлық оқушы қатысып, мектеп фойесінде сурет көрмесін ұйымдастырды.

17 cәуір  күні«Интернет және біз» тақырыбындағы тренинг – жаттығуы туралы ақпарат

Қолданылған әдіс – тәсілдер:сұрақ – жауап, лекция, кеңес беру, әңгімелесу, ой бөлісу.

Мақсаты: Сыныптағы ұйымшылдықты, бірлесуді дамыту, психологиялық және дене қатаюынан, күштенуінен арылту, бітірушілерге өз күштерін тексеруге, өзін терең білуге көмектесу, жағымды көңіл – күй қалыптастыру және өнімді іс-әрекетке кедергі келтіретін мінез-құлқын өзгертуге көмектесу.

 Ең алдымен «Сәлемдеме хат» жаттығуы жүргізілді.Мақсаты: жағымды көңіл-күй, сынып ұйымшылдығын арттыру, эмпатия сезімін дамыту. Жаттығу 

·         Сәлемдеме жазу қиын болдыма?

·         Сіз сәлемдемені оқығанда өзіңізді қалай сезіндіңіз?

·         Тренинг – жаттығуды жалғастыруға дайынсыздар ма?– деген үш сұрақ арқылы талқыға салынды. Талдау барысында өздеріне түскен сәлемдеме хатты оқығаннан кейін бойларына ерекше бір күш – жігер пайда болағандығын айтты.

  Жаттығудан кейін сенімділік туралы сұрақтар қойылып, қысқаша мәлімет берілді.

       «Дыбыстық гимнастика» жаттығуында оқушыларнұсқау бойынша берілген әріптерді хормен қайталады және айтылған әріптердің адам ағзасы үшін маңыздылығын түсіндірілді.

Оқушыларға аффирмация туралы ақпарат беріле отырып, ойларын жақсы арнаға бұру, армандарының орындалуына көмек беру, өз – өздеріне сенімділіктерін арттыру мақсатында түлектерге арналған аффирмациялар берілді.

«Сөйлемді аяқта»жаттығуында «Интернеттің пайдасы мен зияны бар, бірақта сіз ....» оқушылар сөйлемді қайталап, көршісіне тілек айту арқылы жалғастырады.

                «Біздің топтың жүрегі» жаттығуы жанашырлық сезімін, сенімділігін дамыту, топ ынтымақтастығын жетілдіру мақсатында жүргізілді. Өз күшіңе деген сенімсіздікпен қалай күресуге арналған өмірлік ережелер және күйзелістен арылудың жолдарын көрсесетін кеңестер берілді.

Тренинг – жаттығу соңында өткізілген сабақ туралы топ қатысушыларынан кері байланыс алынды.

 

«Үй жағдайында интернет-ресурстарды пайдалану мәселелері бойынша ата-аналар» жиналысы 17 cәуір күні  1-11 сыныптар арасында сынып бойынша өткізіліп ата –аналарға слайд фильм бойынша интернеттің бала денсаулығына келтірер зияны бойынша бейнеролик көрсетіп,  тақырып бойынша таратпа қағаздар таратты.