«Пайдалуы және қауіпсіз интернет» атты сынып сағатының ақпараты

 

 

Мақсаты:Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты ақпарат жинақтау. Оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп, тексере отырып қорытындылау;Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;Оқушылар интернет туралы толық ой қалыптастыру,білімгерлерді тапқырлыққа, ізденімпаздыққа шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру;
Интернетті меңгеруіміз керек деп, таңертеннен қара кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасы мен зияны баршылық екеніне көзіміз жетті. Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп, жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп, ал зиянынан сақтанайық демекпін.
Асыл тастан, өнер жастан – демекші,–қазіргі техника қарқынды дамыған заманда, дені сау білімді ұрпақ интернеттен мағұлматын жинап, Қазақстанға өз үлесін қосады деп сенемін! Сондықтан интернет кімге де бол са өте қажет, оның пайдасы өте зор, әрі қауіпсіз!Оқушылар өз ойларын ортаға салып пікір алмасыты. Оспанова Ж.Н