Балқаш қаласы ЖББ №24 орта мектебі орта мектебінде 2019 жылғы 6 ақпан -16 ақпан аралығында «Бақытты балалық шақ» науқаны аясында өткізілген іс-шаралардың ақпараты

  

 

 

Мектебімізде  6 ақпан – 16 ақпан аралығында «Бақытты балалық шақ» науқаны жарияланып, іс-шара-жоспары құрылды. Жоспар бойынша іс-шаралар    уақытында  орындалды.Науқан: «Көңіл алаңында балалар !» ұранымен білім беру ұйымдары оқушыларының құқықтық мәдениетін, құқықтары туралы білім деңгейлерін, сонымен қатар ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыруМектептегі баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, насихатпен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға қоғамның назарын аудару мақсатында өтті.

     Мектебіміздің І қабатында жоспар бойынша  акцияға арналған ақпарттық стенд ұйымдастырылды.«Бала – тәрбиесі басты мақсатымыз» тақырыбында мектептің ата-аналарымен дөңгелек үстел  Кулымжанова Г.М  және  әлеуметтік педагог Жумажанова С.С өткізді. Дөңгелек үстел барысында қазіргі таңдағы өзекті мәселелер талқыланып, ата –аналармен  сұхбат әңгіме жүргізілді.

  

        «Балаларды бірге сақтайық» тақырыбымен мектеп ұстаздарына, сонымен ата-аналарға ақпараттық парақшалар, жаднамалар таратылды. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық және балалардың қауіпсіздігі жөнінде ақпараттандырылды.

  

         1- 11 сынып  жетекшілері «Мейірімді жүрек!», « Бақытты балалық шақ», «Бақытты болудың 7 құпиясы» туралы  тәрбие сағаттарын өткізді.  Тәрбие сағатынан  алатын оқушылардың тәрбиесі өмірден алатын рахаты,өмірді қалай сүру,қалай жақсы жағымен өткізу туралы әңгіме талқыланды.Ата-ананың мектеппен байланысын дамыту, бала тәрбиесіндегі әке орнының ерекшелігіне назар аударту, жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту туралы оқушыларға көптеген мағлұматтар берілді.

         Мектебіміздің информатика пәнінің мұғалімі Бекмаганбетова Н.С   «Қауіпсіз интернет» тақырыбында 5-9 сыныптарға бала денсаулығына зиян келтіретін ақпараттарды насихаттау мақсатында баяндама жүргізді.

      Әлеуметтік педагог  С.С.Жумажанова «Зиянды әдеттер және құқықбұзушылық» тақырыбында жаман әдеттерден аулақ болу және олардың алдын алу мақсатында мектеп инспекторымен кездесу ұйымдастырды. Бұл кездесуде мектеп инспекторы тәртіптің сақталуы қоғамда маңызы зор екенін түсіндіріп,өз  ойларын еркін және сауатты жеткізу керек екендігін, қоғамда болып жатқан келеңсіз жағдайлардан зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға тәрбиелеу туралы айтып өтті.  Сонымен қатар, мектеп медбикесі Бажбенова А «Темекінің  денсаулыққа зияны қандай?»  тақырыбында кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында нашақорлықтың, темекі тартудың қандай себеп – салдарға әкеліп соғатыны туралы айтылды, сонымен қатар видеороликтер, слайд - фильмдер көрсетілді, психологиялық тренинг – жаттығулар жүргізілді. Оқушыларға әр түрлі буклеттер таратылды.

Мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып, мектеп ұстаздарымен мобильдік топ құрылып, рейдтік іс- шаралар жүргізілді. Рейдтік іс-шара бойынша оқушылардың үйге қайту жолдарындағы қауіпті орындарға, жер төрелерге, аялдама, вокзал маңдарына және де ойын-сауық орталықтарына ұстаздар рейдтер жүргізіп қайтты.