«Пайдалы және қауіпсіз интернет» тақырыбында өткен сынып сағаттының ақпары

10.04- 11.04.17жыл аралығында Балқаш қаласы  №24орта мектепте ақпараттық науқан бойынша «Қауіпсіз интернет» апталығы өтті. 5-6 сыныптар аралығында  «Пайдалы және қауіпсіз интернет», тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Оқушылар ғаламтордың адам өміріндегі қажеттілігі мен зияны туралы пікір таластырып, өз ойларын постер жасау арқылы қорғады.Сынып сағаты өте қызықты өтті. Сондай-ақ түсіндіру жұмыстары ретінде 10.04.17 күні мектепішілік «Интернет дегеніміз не?» атты тақырыпта ата-аналар жиналысы өткізілді. Өткізілген шаралардың барлығы оқушыларды, ата-аналарды, ұстаздарды «қауіпсіз интернет» ұғымы туралы көптеген ақпараттармен танысып, ол туралы түсініктің қалыптасуына септігін тигізді.