Размер шрифта:

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрме аясында ұйымдастырылған іс-шаралар жайлы ақпарат

Қазан айында «ЭКСПО-2017»   индустрияландыру символы және техникалық, технологиялық жетістіктерді көрсету үшін ашық алаң болып табылатын  халықаралық көрме екендігін түсіндіру мақсатында ақпараттық стенд жасалды.

Бүкіләлемдік көрмеде елдер адамзаттың ең көкейкесті мәселелерін шешуге жол ашатын ғылыми-техникалық, технологиялық, экономикалық шешімдерді көрсетуге, таныстыруға, талқылауға мүмкіндік беру,  түсіндіру және үйрету мақсатында оқушылардың өз үлесін қосатын мектепішілік көрмелер ұйымдастырылды. Көрмеге жетекшілік еткен технология пәнінің мұғалімі Г.Ж.Нуркеева болды.

Қараша айында  9А сынып оқушыларымен  «ЭКСПО в Казахстане» тақырыбында «Не?», «Қайда?», «Қашан?» ойыны ұйымдастырылды.     Іс-шараның мақсаты:   Халықаралық көрмелер туралы білімін тереңдете отырып,шығармашылық және дарындылық қабілеттерін шыңдай түсу. Ойын барысында   сайыскерлер    жас және әдемі елміздің астанасы  — Астана жайлы және халықаралық көрмелер жайлы қызықты сұрақтарға жауап бере отырып, білімдерін шыңдады.

  

  

     №24 орта мектебінде «ЭКСПО — дүниежүзілік көрмелері тарихынан тағылым.ЭКСПО-2017 Қазақстанның болашағы» тақырыбында өткен     конференция сабақтың білімділік мақсаты:   ЭКСПО Халықаралық көрмелерінің тарихы туралы деректермен таныстыру. Көрмелердегі жаңалықтар және ғылым мен техникадағы, мәдениет пен өнердегі нәтижелер мен жетістіктерін көрсету және ақпараттандыру.

 Дамытушылық:  Халықаралық көрмелер туралы білімін тереңдете отырып,шығармашылық және дарындылық қабілеттерін шыңдай түсу.

 Тәрбиелік:2017 жылы халықаралық көрменің Астанада өтуіне мақтаныш сезімін ояту.

Төмендегі тақырыпта оқушыларға үй тапсырмасы ретінде ізденіс жұмыстары берілді. Әрбір оқушы слайдфильммен берілген тапсырма бойынша қорғап шықты.

1.    «Бүкіләлемдік көрмелер тарихы бастау алған ел — Ұлыбритания»

 2.   «Франция Республикасы.Көрмені өткізуден көшбастаушы қала — Париж».

 3.    «1873 жылы Вена.Австро-Венгриядағы халықаралық көрме тарихы »

 4.   «Бельгиядадағы халықаралық көрмелер тарихы»

 5.    «ЭКСПО — 93.Корея: «Дамудың жаңа жолын таңдау»

 6  «Испаниядағы  ЭКСПО  көрмелері»

 7.   «Германияның Ганновер қаласында өткен ЭКСПО-ның 58- ші көрмесі »

 8«АҚШ -та өткізілген халықаралық көрмелер»

 9.   «1967 және 1986 жылдардағы Канададағы халықаралық көрмелер тарихы»

 10.    «Австралия, 1988 жыл «Техника ғасырындағы бос уақыт»»

 11.   «Жапониядағы ЭКСПО көрмелері»

 12.   » ЭКСПО — 2010.Қытай.» Шанхай.Жақсы қала — жақсы өмір»»

 13.    «ЭКСПО- 2012.Оңтүстік Кореяда.»Жанды мұхит және жағажай».

 14.   «ЭКСПО-2017.Астана.Болашақ қуаты – Қазақстан қолында»

Сабаққа қатысушылар өздерінің белсенділіктерін көрсетті,сұрақтар қойып,  өз ұсыныстарын айтты.

    

  

       «ЭКСПО 2017- это успех всего народа Казахстана» тақырыбында 7А,8Б сыныптар арасында  дөңгелек үстел өткізілді.Тақырып бойынша сынып жетекші тарапынан құнды ақпараттар беріліп, оқушылардың ізденіс жұмыстары және қойылған сұрақтар бойынша сараптама жасалды. 8Б сынып оқушысы Глазков Кирилл қолөнер шеберлігінен көрме жасады.

  

  

Сонымен қатар, «ЭКСПО -2017» халықаралық көрмеге өз үлесін қосуда қалалық «Менің болашақ үйім »  тақырыбындағы сайысқа мектебімізден ағайынды Мүбарак Айбек және Гауһар қатысып, «Алғыс хатпен» марапатталды.