«Ата-ана бақылауы» қызметі

«Ата-ана бақылауы» қызметінің көмегімен дербес компьютер, ноутбук, планшет және смартфондар сияқты кез келген құрылғы арқылы Интернет желісіне қауіпсіз қатынауды қамтамасыз етіп, қаламайтын контенттерге шектеу қояға болады.                                                                                                  Жаңа сервисті «Megaline» және «iDNet» қызметтерінің барлық абоненттері http://www.cabinet.idport.kz жеке кабинет парақшасында жазылу арқылы немесе негізгі байланыс қызметтерімен топтамада пайдалана алады. Аталған қызмет баланың жас ерекшелігіне қарай қауіпті контенттерге қатынау құқығын шектеуге мүмкіндік береді:

7 жасқа дейін – жоғары деңгейлі шектелім;
7 жастан 12 жасқа дейін – орта деңгейлі шектелім;
12 жастан жоғары – төмен деңгейлі шектелім.

Ай сайынғы төлем таңдап алынған қорғау деңгейіне тәуелсіз, тарифтік жоспарға қарай сараланбайды әрі абоненттен жеке компьютерінде бағдарламалық жасақтаманы орнатуды және теңшеуді талап етпейді. Қызметтің ай сайынғы құны 200 теңге.

Қосымша ақпаратты telecom.kz сайты, «Қазақтелеком» АҚ сервис желісі пункттері немесе «160» нөміріне хабарласу (қоңырау тегін) арқылы білуге болады.

«Ата-ана бақылауы» қызметін қосу үшін анықтамалық ақпаратcabinet.idport.kz жеке кабинетіне кіріп «Қызметтерді басқару» — «Megaline» және «iD Net» бетбелгісін таңдап «Ата-ана бақылауы» қызметіне тапсырыс беріңіз. Одан әрі абонентке модемді өшіріп қайта қосу қажет. Содан соң, «Ата-ана бақылауының» кабинетіне кіріп, баласының жас мөлшеріне қарай қажетті жолды таңдап «Қосу» түймешігін басу қажет. Сондай-ақ абонент уақытты шектеу кестесін де жасай алады. Атап көрсетілген әрекеттерді орындағаннан кейін теңшелімді сақтаңыз.