Размер шрифта:

Конкурстық негізде педагогтерді қабылдау туралы хабарландыру

«Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ-нің
«Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ
(мекенжайы: Шашубай көшесі, 11а, тел.: 6-87-66,
эл. пошта: balh-oso-7584@bilim09.kz )
келесі бос лауазымдарға қосымша конкурс жариялайды:
 
Бастауыш сынып мұғалімі – 3 штаттық бірлік (бала күтіміне байланысты демалыстағы негізгі қызметкердің орнына);
Шағын орталық тәрбиешісі – 1 штаттық бірлік (бала күтіміне байланысты демалыстағы негізгі қызметкердің орнына).
 
2025–2026 оқу жылына педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау конкурсы ағымдағы жылдың 30 наурызынан басталады.
 
Конкурс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрықтарына сәйкес өткізіледі.
 
Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар мектеп-лицейдің ресми сайтында және әлеуметтік желілерде (Instagram: balkhash_mektep15) жарияланады.
 
 Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
конкурсқа қатысу туралы өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат;
кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;
еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (2020 жылғы 4 қарашада №21579 тіркелген);
психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
наркологиялық ұйымнан анықтама;
Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагогтің біліктілік санаты туралы куәлік (болған жағдайда). Жас мамандар үшін «Педагог» санаты бойынша ҰБТ сертификаты міндетті;
қосымша ақпарат (бар болған жағдайда): біліктілікті арттыру туралы құжаттар, ғылыми/әдістемелік жарияланымдар, ұсыным хаттар және т.б.
 
 Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 30 наурыздан 14 сәуірге дейін мектеп-лицейдің қабылдау бөлмесінде жүргізіледі.