Балқаш қаласы жалпы білім беретін № 9 қазақ орта мектебі бойынша 2013-2014 оқу жылында 11-сынып оқушыларын ҰБТ-ға сапалы дайындау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы ақпарат

          Балқаш қаласы жалпы білім беретін  № 9 орта мектебі бойынша биылғы оқу жылында барлығы 9 түлек бітіргелі отыр. Сынып бойынша 3 оқушы физика пәніне, 2 оқушы биология пәніне , 4 оқушы география пәніне таңдау жасалынды.  Алда тұрған үлкен сынақ ҰБТ-ге сапалы дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында жыл басында құрылған жоспар бойынша іс-шаралар жұмыстары жүйелі, сапалы жүргізілуде. Мектеп бойынша аптасына 1 рет бақылау сынақтары алынып, талдау жұмыстары жүргізіліп,  ата-аналарға хабарланып отырады. І – тоқсанда білім беру орталығы «Достық» бойынша 26 қыркүйек күні, «Арай» білім беру орталығының бақылау сынағы бойынша 26 қараша күні алынды. Бұл тоқсанда 4 рет  ата-аналар жиналысы өткізіліп, ата-аналарға ҰБТ туралы мағлұмат берілді. Оқушыларға психологиялық көмек парағы таратылып, мектеп психологы  01.10.2013 жылы өткізілген ата-аналар жиналысында анкеталық сұрақтар бойынша жұмыс жүргізіліп, байқау сынақтарының І-тоқсан бойынша қорытындылары жасалынды. ҰБТ пәндері  бойынша оқушылардың жетістіктері мен  кемшіліктері туралы  талқыланды. № 26 кабинетте ҰБТ-ға байланысты бұрыш ұйымдастырылған. Бұл бұрышта тоқсан бойынша байқау сынақтарының қорытындысы бойынша маршруттық картасы  ілінген. Барлық пәндер бойынша ҰБТ-ға дайындық кестесі жасалынған, атап айтқанда математика пәні дүйсенбі, Қазақстан тарихы мен орыс тілі пәндері сәрсенбі , қазақ тілі пәні жұма , таңдау пәндері сейсенбі күндері өткізіледі. Апта сайынғы байқау тестісі сенбі күні алынып отырады.