ҰБТ тапсыратын оқушыларға психологиялық қолдау


«Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта мектебі» КММ –інде ҰБТ тапсыратын оқушылардың ата-аналарына психологиялық қолдау көрсету жиналысы болды.
Мақсаты: Ата-анаға баланың психологиялық жағдайын түсіндіру, жеке тұлға болып қалыптасуындағы рөлін таныту. Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету. Ата – аналардың ҰБТ-ға деген көзқарасын анықтап, қорқынышын сейілту, психологиялық қолдау көрсету.
Мағжан Жұмабаев айтқандай:
“Тәрбиедегі мақсат - баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару”,- деген екен.
Олай болса, балаларымыздың болашағына нық қадам жасайтын ұлттық бірыңғай тестіні сапалы тапсыруға ата – ана, мектеп болып ынтымақтастықта нәтижелі жұмыс жасау қажет екені айтылды. Тренингке ата-аналар белсенді қатысты.