Медициналық маска: COVID-19 ауруы, оның қаупі, жұғу жолдары, таралуы жайлы ғана емес, сонымен қатар одан қорғану мен емделу жайлы көптеген фейк ақпарат пайда болды. Маска неге және кімге қажет екенін және қандай жағдайда оның пайдасы жоғын түсіндіреміз. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының айтуынша маска көмектеседі. Бірақ оны дұрыс пайдалану керек. Маска қандай жағдайда керек? Ұйымның ресми сайтынан: «Егер сізде COVID 19 (әсіресе жөтел) белгілері бар болса немесе сіз вирус жұқтыруы мүмкін адамға күтім жасасаңыз ғана маска киюіңіз керек. Бір рет қолданылатын маскаларды қайта қолдануға болмайды. Егер сізде ауру белгілері болмаса немесе ауру адамға күтім жасамасаңыз, масканы пайдалану тиімсіз. Қазіргі уақытта әлемде маскалар тапшылығы байқалуда, сондықтан ДДСҰ маскаларды ұқыпты пайдалануға шақырады» Ұйым медициналық маскаларды пайдалану ережесін нақтылады. Осы деректерге сәйкес: Дені сау адамдар вирус жұқтыруы мүмкін адамға күтім жасаса ғана маска тағуы керек. Жөтелсеңіз немесе түшкірсеңіз маска тағыңыз. Маскалар қолыңды құрамында спирт бар антисептикпен немесе сабынмен тұрақты жуған кезде ғана тиімді болады. Бір реттік медициналық маскаларды пайдалану және утилизациялау ережелерін білуіңіз керек (төменде ережелер туралы оқыңыз). Яғни, егер сіз вирус жұқтырмасаңыз немесе жұқтырған адаммен тығыз байланыста болмасаңыз, әдеттегі медициналық маска психотерапиялық құрал ретінде ғана пайдалы (масканы уақтылы ауыстыру керек). Қымбат маскалар мен респираторлар анағұрлым тиімді болуы мүмкін, алайда оларды да қолдану ережелері бар. Масканы тағу, қолдану және утилизация жолдары ДДСҰ кеңесі: Масканы тақпас бұрын қолыңызды құрамында спирті бар құралмен немесе сабынмен жуыңыз. Бет пен маска арасында саңылау болмуы тиіс, масканы мұрын мен ауызды жабатындай етіп тағыңыз. Масканы тағып жүрген кезде оны қолыңызбен ұстамаңыз. Ұстаған жағдайда қолыңызды құрамында спирті бар құралмен немесе сабынмен жуыңыз. Масканы жиі ауыстырып отырыңыз, бір рет қолданған масканы екі қайтара қолданбаңыз. Масканы шешу үшін резинасынан тартып алып тастаңыз. Бірден қоқысқа арналған қақпағы жабылатын контейнерге лақтырып тастаңыз; қолыңызды құрамында спирті бар құралмен немесе сабынмен жуыңыз. Бірден бірнеше масканы тағу СОVID -19 күресуге көмектеспейді! Вирусты алдын алу шаралары Қолды үнемі сабынмен жуу немесе құрамында спирт бар заттармен өңдеу. Қоғамдық жерде адамдардан кемінде 1 метр қашықтықта тұру (әсіресе, оларда жөтел, тұмау немесе жоғары температура болса). Мүмкіндігінше қолыңызбен көз, ауыз және мұрынды сирек ұстау. Респираторлы гигиена ережелерін сақтау– жөтелгенде немесе түшкіргенде ауызды салфеткамен немесе шынтақты бүгіп жабу керек (салфетканы бірден қақпағы бар контейнерге лақтыру керек, ал қолды сабынмен жуу немесе антисептикпен өңдеу керек). Температура көтерілсе, жөтел пайда болса және тыныс алу қиындаса дереу жедел жәрдемге хабарласу керек. Коронавирус туралы жаңа ақпаратты қадағалау және медицина мамандарының нұсқауын орындау керек (ДДСҰ орталық және жергілікті денсаулық сақтау органдарында COVID-19 динамикасы туралы ең өзекті ақпарат бар деп есептейді).
Медициналық маска