Covid-2021ж симптомдары
Салеметсиздерме кұрметті ата-аналар. 2021 жылғы желтоқсан айында пайда болып, бүгінде дүние жүзін дүрліктіріп тұрған коронавирустың ресми атауы – Covid-2019.
Коронавирустың қаупі қандай?
Қалыпты жағдайда Covid-2021 жұқпасынан кейін асқыну қаупі жоқ. Бұл вирус:
• бес жасқа дейінгі балаларға;
• жүкті әйелдерге;
• иммунитеті әлсіз не жүрек, өкпе, бүйректің созылмалы аурулары бар адамдарға қауіп туғызуы ықтимал.
Сырқат кей науқастарда ауыр түрде өтіп, пневмония мен тыныс алудың қиындауына әкелуі мүмкін.
Covid-2019 симптомдары
Коронавирус кәдімгі тұмау тәрізді болғандықтан, оның алғашқы белгілерін көп адам байқай бермейді. Дегенмен, дәрігерлер келесі симптомдар білінсе, бірден дабыл қағуға кеңес береді:
• дене қызуының көтерілуі, жоғары тепмература;
• құрғақ қатты жөтел;
• бастың ауруы;
• кеуде тұсының ауруы;
• ентікпе және тыныс алудың бұзылуы;
• жүрек қағысының жиілеуі;
• пневмония;
• безгек;
• мұрынның бітуі;
• фарингит;
• диарея.
Осындай симптомдарды байқасаңыз, бірден медициналық мекемеге хабар беріңіз.
Коронавирустан қалай сақтану керек?
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының инфекцияның алдын алуға беретін кеңестері:
• Қолды әр жарты сағат сайын 20 секунд бойы сабындап жуу;
• Қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;
• Түшкіргенде және жөтелгенде мұрын-аузыңызды қағаз майлықпен не шынтағыңызбен жабыңыз. Содан кейін майлықты жабық контейнерге тастап, қолыңызды жуыңыз;
• Қолыңызды көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға тигізбеңіз, бұлар вирустың "кіріс қақпасы" саналады;
• Жөтел, жоғары температура және тыныс алу мүшелері ауруларының басқа симптомдары бар адамдардан аулақ жүріңіз;
• Адам көп жиналатын қоғамдық орындарға, той-томалақ, жиындарға бармай, үйде отыруға тырысыңыз;
• Адамдармен қол алыспай, қашықтықтан амандасқан жөн;
• Үйдің терезесін жиі ашып, ауаны тазартып тұрыңыз;
• Қоғамдық көлікті жиі пайдаланбаған жөн;
• Бөлмені жиі желдетіңіз;
• Температура көтерілгенде, жөтелгенде және тыныс алу қиындағанда дереу медициналық жәрдемге жүгініңіз;
• Иммунитетіңізді нығайтып, салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Ақуыздарға, дәрумендерге және минералды заттарға бай тағамдарды тұтыныңыз.
________________________________________
Профилактикалық 5 шара
Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді:
• қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
• қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;
• көп адам жиналған орындардан аулақ болу;
• науқас адамдармен байланысқа түспеу;
• салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.