06.10.2022 ж. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жұмыс жасайтын учаскелік полиция инспекторы Кобелдесова С.Т. 4- сынып оқушыларына құқықбұзушылық пен әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында дәріс оқыды.
Дәріс барысында оқушыларға «Мектеп жарғысы» бойынша сұрақтар қойылды. Оқушылар еркін түрде мектеп ережесін сақтау қажеттігін, өздерінің міндеттерін тізбектеп айтып өтті. Сонымен қатар,бастауыш сынып оқушылары қоғамдық ортада оқушының өзін-өзі ұстау ережелерін білетіндерін байқатты. «Ұстаз, ата-ана, оқушы» тақырыптарында көңілді ашық сұрақтар қойылды.
Ювеналды полиция инспекторлары өз қызметімен қатар педагогтың, психологтың және тәлімгердің де рөлін атқарады. Әр апта сайын мектеп-лицей оқушыларына профилактикалық іс-шаралар жоспарлы түрде өтеді.