"Әке- отбасы қорғаны" атты "Ұлағат" аталар-әкелер кеңесінің отырысы
17-05-2022 15:27

13.05.2022 күні
"Әке- отбасы қорғаны" атты "Ұлағат" аталар-әкелер кеңесінің отырысы өтті.
Отырысқа мектеп- лицейдің қамқоршылық кеңесі төрағасы Д.М Тоқметов және "Ұлағат" аталар-әкелер кеңесінің мүшелері қатысты.
"Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды" дегендейін, мектеп- лицей директоры Қарлығаш Шәкәрімқызы жарқын болашақты бағдарлауда, отбасы тәрбиесін нығайту басты мәселе екендігін жан- жақты айтып өтті.
Мектеп-лицей әлеуметтік педагогы М.Б Исаинова, психолог А. Ғ Тлеуберлина оқушылардың жазғы қауіпсіздіктері мен құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары бойынша тоқталды.
Білім мен тәрбие үрдісіндегі басқа да әртүрлі мәселелер айтылып, ұсыныныстар тыңдалды.
Отырыс әкелерді ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, "Үштік Одақ" ынтымақтастығын нығайтып, бірлесе әрекет етуге шақырып, түйінделді.