1-сыныпқа құжаттарды тапсыру туралы ақпараттық семинар өткізілді.
07-02-2022 10:18
2022 жылдың ақпанның 04 күні мектеп жасына дейінгі мектепалды даярлық сыныбы және «Таңшуақ»шағын орталығының «Раушан» ересек тобы ата-аналарына арналған  білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, яғни 1-сыныпқа құжаттарды тапсыру туралы ақпараттық семинар өткізілді. 
Семинар барысында мемлекеттік қызмет түрі, мемлекеттік қызмет көрсететін ақпараттық жүйесі- е.bilimal.kz порталы бойынша ақпараттар берілді. 
Қызметті онлайн алу
1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен таныстырылды.