Размер шрифта:
"Бала құқығы, адам құқығы"
06-12-2021 09:06

20.10-20.11.2021ж. аралығында Дүниежүзілік балалар күні және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жылдығына арналған "Бала құқығы, адам құқығы" іс-шаралар айлығы аясында 11 қараша күні Оқушылар сарайында қалалық "Бала және заң" дөңгелек үстел отырысы болып өтті.
Ұйымдастырушылар: "Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицей", "ЖББ №9 мектеп" және "№2 Абай атындағы лицей". Дөңгелек үстелге мектеп-лицейіміздің психологы А. Тлеуберлина және әр мектептің Парламентінің Құқық және Қамқорлық фракция мүшелері қатысты. "Бала құқығы" тақырыбында әр мектеп өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Адам құқықтарының мәселелерін зерттеудің көпқырлылығына қарамастан, бала құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша ең жоғарғы құндылықтар деп есептеледі. Сондықтан қазіргі уақытта әр баланың өз құқығын білуі өзекті мәселердің қатарына жатады.

Бейне - роликті көру үшін төмеңдегі сілтемеге өтіңіз:

https://www.instagram.com/tv/CWQR6CbI_o4/?utm_source=ig_web_copy_link