«2021-2022 оқу жылына Қарағанды облысының жетекші мектептерінің жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері»
19-11-2021 16:54
«2021-2022 оқу жылына Қарағанды облысының жетекші мектептерінің жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері»

13.10.2021 күні «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы және Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мен ұйымдастыруымен «2021-2022 оқу жылына Қарағанды облысының жетекші мектептерінің жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбындағы өткен дөңгелек үстелге мектеп-лицей координаторы Садвокасова А.Т, ДОЖЖО Жуматова И.Ж қатысты.
Дөңгелек үстел барысында ҚОББД ОӘО әдіскері Суртубаева Диана Алматовна жетекші мектептің қызметі, серіктес мектептерге қолдау көрсету мақсатында атқарылатын 2021-2022 оқу жылына жасалған жоспарлардың басым бағыттарымен таныстырды. Жетекші мектептің негізгі басымдық беретін қызметі-серіктес мектептерге алқаластық пен ынтымақтастықта атқарылған әдістемелік жұмыстарда жүйелі ұйымдастыру қызметтерін көрсетті.
Қарағанды қаласындағы педагогикалық шеберлік орталық филиалының директоры Егізбаев Аят Жақсыбекұлы білім саласындағы қандай болмасын жаңалықтар мен өзгерістерге ашық болу, сол бағытта белсенді шараларды жоспарлау, үнемі кәсіби даму керек екеніндігін айтты.