«Тәрбиелі ұрпақ – тамырлы болашақ»
2021 – 2022 оқу жылының 15 - қазанында «Тәрбиелі ұрпақ – тамырлы болашақ» тақырыбында мектеп – лицей ата-аналар қауымдастығының жиналысы болып өтті.
Жиналысқа ата-аналар қауымдастығы мүшелері, мектеп- лицейдің участкелік инспекторы және сынып жетекшілер қатысты.
Күн тәртібінде:
2021-2022 оқу жылындағы оқушылар қозғалысы;
Мектеп- лицей оқушыларының тәртіп дағдылары;
Сыбайлас жемқорлықсыз орта құру;
Мектеп және оқушылардың қауіпсіздігі;
Құқық бұзушылықтың алдын алу;
Әр түрлі мәселелер.
Күн тәртібіндегі атаулы сұрақтар бойынша мектеп-лицей директоры
Қарлығаш Шәкәрімқызы жаңа оқу жылында сайланған барлық сыныптың ата-аналар қауымдастығы мүшелерімен танысты. Мектеп-лицейдің 2021- 2022 оқу жылының басталуындағы оқушылар қозғалысы, мектеп – лицейдің әлеуметтік паспорты, оқушылардың оқулықпен қамтылуы, сабақ кестесі және оқушылардың асханадағы тамақтанулары жайында айтып өтті. Мектеп – лицей ішіндегі санитарлық талаптардың ұйымдастырылуы, мектеп және оқушылардың қауіпсіздігі үшін жасалған арнайы құрылғылар бейне ақпарат түрінде көрсетілді.
Бүгінгі таңда қоғамда белең алып отырған жас буынның тәртіп – тәрбиелері алаңдататындығы қозғалып, ата-аналар ұрпақ тәрбиелеу жолында жоғары міндет алулары керектігі айтылды. Оның ішінде балалардың өз ана тілінде қарым - қатынас жасаулары, өнер - білімге әуес болулары, бос уақыттарын тиімді пайдаланулары, кітап оқуға құмартулары басты мәселе болып тұрғандығы баса ескертілді.
Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мектеп - лицейдің участкелік инспекторы, аға лейтенант Нұрбеков Аян Алтайұлы сөз алып, жасөспірімдердің кешкі 9.00 ден кейін көшеде заңды тұлғасыз жүрмеуі керектігі, сотқарлық әрекетерден аулақ болу қажеттігі, сондай - ақ ата-аналардың кәмелетке толмаған балалар үшін жауапкершілік міндеттері айтылды.
Ата-аналар тарапынан қойылған ұсыныс – пікірлер тыңдалып, шешім қабылданды.