«Отбасылық оқуды жандандырудағы кітапхананың рөлі»
06-05-2021 11:53
«Отбасылық оқуды жандандырудағы кітапхананың рөлі»

2021 жылдың 5 мамыр күні  «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ, «Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК «Оқуға құштар мектеп жобасын жүзеге асыру аясында кітапханашылардың облыстық форумы өтті.
Форум білім беру ұйымдарының кітапханашыларының білім беру әлеуетін дамытуға, кітапханашылардың кәсіби шеберлігін арттыруға, өзара жұмыс тәжірибесімен алмасуға бағытталған.
Отбасылық кітап оқу дәстүрін жаңғырту, оқырмандардың жан-дүниесіне рухани ізгілікті қалыптастыру, «мектеп-оқушы-ата-ана» үштік одақ жұмысын жандандыру мақсатында Республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясындағы ашық алаңда отыз жыл кітапхана саласында табанды еңбек етіп жүрген жоғарғы санатты «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ-нің жоғары санатты кітапхана меңгерушісі Башарова Г.Т «Отбасылық оқуды жандандырудағы кітапхананың рөлі» тақырыбында Балқаш қала мектептерінің атқарып жатқан кітапхана жұмысының іс-тәжірибесімен бөлісті.