Емтиханға қалай дайындалу керек?
27-01-2017 05:00

Емтиханға қалай дайындалу керек?

 

Қиын жағдайдан шығуда  асығыстық жасамай, өз алдыңа мақсаттан тыс жетістікке жетуде үлкен міндеттер қойма. Жағдайдың қиындауын күтпе.

 

-         емтиханға ға даярлықты ертрек баста;

-         Егер күшің мен ойыңды жинақтау болса, алдымен ең оңайын есте сақтауға тырыс, сосын қиын материалдарды зерделеуге кіріс.

-         Шиеленісті, шаршағанды басатын жаттығуларды күн сайын жаса.

Егер көзің талса:

МАБ - ға   дайындық кезінде көзге үлкен күш  түседі. Егер көзің талса ағзаңда шаршайды. МАБ  тапсырмаларын орындауға  күшің жетпеуі мүмкін. Көз демалу үшін кез келген екі жаттығуды жаса;

-         жоғары төмен кезек – кезек қара (25 сек); оңға – солға (15 сек);

-         көзбен өз аты – жөніңді жаз;

-         алыста тұрған затқа қара (20 сек), сосын алдыңдағы қағазға (20 сек) кезекпен қара.

-         Көзбен квадрат, үшбұрыш сыз, алдымен сағат тілі бағытымен, кейін қарсы бағытта.

Күн  тәртібі:

Күнді үш бөлікке бөл:

-         8 сағат МАБ - ға дайындал;

-         Спортпен айналыс, таза ауада жүр, музыка тыңда;

-         8 сағаттан кем ұйықтама, түскі тамақтан кейін де ұйықтауға  болады.

-         Сабаққа дайындалатын уақыт таңғы 11.00 де және түстен кейін 16.00 де. Осы аралықта оқыған материалдар есте сақтауға  тиімді уақыттар

Тамақтану:

-         3 – 4 рет витаминге бай, құнарлы тамақ ішу керек.

-         Грек жаңғағы, сүт тағамдары, ет, балық, көкөніс, жеміс, шоколад тағамдарын пайдалан.

Сабаққа дайындалатын орын:

-         өз жұмыс кеңістігіңді дұрыс ұйымдастыр. Үстелге сары және сия тұсті зат немесе сурет қой, бұл түстер интеллектуалдық белсенділікті арттырады. Демалыс, үзіліс сәттерінде жасыл – көгілдір түстердің болғаны пайымдау жасағанда жақсы.

Материалды қалай есте сақтауға болады:

-         ең бірінші есіңе  түсіріп қысқаша бәрін жаз, негізгі оқиғаларды, дәлелділердің дұрыстығын тексер.

-         Оқулықты оқи отырып, ең негізгі пікірлерді бөліп ал  - бұл жауаптың тірек бөлімдері. Жауаптың жоспарын құрып, жауабын кішкене қағаздарға жаз.

 

Есте сақтаудың тиімді түрлері

-         Есте сақтаудың жетекші түріне сүйену керек. Көлемді және шағын материалдармен жұмыс істегенде,  үлкенінен бастаған дұрыс.

-         Есте сақтаудың шоғырланған түрінен гөрі үлестірмелі түрі тиімдірек.

-         Бәріненде тиімдісі саналы түрде есте сақтау. Сондықтан материалды ойланып, аздап оқу тиімді.

-         Бірнеше рет жай оқығаннан гөрі, есте сақтай отырып оқуға жіберген уақыт тиімдірек.

-         Егер екі тапсырмамен жұмыс істесең, үлкенінен бастағаның дұрыс.

-         Ұйықтағанда адам есте сақтамаса да, ұмытпайды.

 

Жұмыс қабілетін сақтау шарттары

-         Ой және дене еңбегін алмастыру керек;

-         Гимнастикалық жаттығулар жасағанда баспен тұру, тоңқалаң асу  жаттығуларын көбірек жасау керек, бұл жаттығулар ми жасушаларына қанның құйылуын күшейтеді.

-         Көзді сақтау керек, әр 20-30 минуттан соң үзіліс жасау керек. (кітаптан көзді  алып, алысқа қарау керек).

-         Теледидар хабарларын неғұрлым аз қарау керек

 

Ойлау қабілетін қалай дамыту керек

-         Егер көп білгің келсе мұқият тыңдауды, дұрыс жауап беруді үйрен.

-         Ойлау қабілетің болмаса біліміңде болмайды.

-         Ойлау қабілетіңді дамытсаң санаңды біліммен толықтырасың.

-         Білім көзі болып кітап, мектеп, теледидар, адамдар болып табылады. Олар заттар, құбылыстар, адамдар туралы ақпарат береді.

-         Ойлау қабілеті сұрақтардан басталады. Неге? Қалай? Оларға сұрақ және жауап бере біл.

-         Ойлау қабілетін дамыту үшін затты, құбылысты жан – жақты тани, көре білу керек, жаңалықты бірден байқа.

-         Заттардағы әр түрлі белгі, құбылыстардың арасын салыстыру, байқауда да ойлау қабілеті керек.