Размер шрифта:
↑
Профилактикалық кеңес құру туралы бұйрық
26-11-2026 11:33
Құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында профилактикалық кеңес өткізілді.
Мектепте оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында профилактикалық кеңес өткізілді.
Кеңес барысында сынып жетекшілерінен түскен баяндау хаттар қарастырылып, оқушылар арасындағы келеңсіз жағдайлар талқыланды. Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша тиісті шаралар белгіленіп, жауапты мамандарға тапсырмалар берілді. Оқушылармен профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу және ата-аналармен байланысты нығайту мәселелері назарға алынды.
Қатысқандар: 
Мектеп-лицей директоры: Токейбекова А.Т
Директордың ТІЖО: Бейсекина К.А, Исаинова М.Б
Әлеуметтік педагог - Шалғынбай Ж.Қ
Педагог-психолог -Тлеуберлина А.Г
Сынып жетекшілер