Қалалық өлкетану мұражайына саяхаты туралы ақпарат
19-01-2019 13:30
Қалалық өлкетану мұражайына саяхаты туралы ақпарат

2018жылдың 8 желтоқсанында №9 орта мектебінің  1 «а, ә, б» сыныптар қалалық өлкетану мұражайына саяхатқа барды.

Сыныптағы барлық оқушылар бірнеше ата-аналармен барып мұражайды араладық.

Мұражайдың «Біздің өлке» залынан Бектауата маңайындағы, даладағы жабайы жануарлар, құстар, жәндіктер туралы экспонаттарды көрдік.

Алғашқы қауымның дамуы туралы қойылған экспонаттарды да көрдік.

Көне қолөнердің дамуы, ауылдың тірлігі жайлы қойылған залдан да қазақтың салт-дәстүрін, қолөнерінің жасалу жолдарымен танысып, тамашаладық.

Қаламыздағы мыс қорыту зауытындағы еңбекшілердің еңбегімен танысып, еңбек ардагерлері туралы мәліметтер алдық.

Мұражайдан еңбек және соғыс ардагерлерімен танысып, көп мағлұматтар алдық.