Мектепішілік дебат турнирі өтті!
18-09-2025 16:46
 Мектепішілік дебат турнирі өтті!

 Мектепішілік дебат турнирі өтті!

17.09.2025 күні мектебімізде APF (American Parliamentary Format) форматында дебат турнирі өтті.

Спикерлер өз пікірін еркін білдіріп, қоғамдық маңызы бар мәселелерді терең талқылап, шешендік шеберліктерін көрсетті.

Сонымен қатар, елімізде жиі талқыланатын сайлау процесіне қатысты өзекті мәселелерді қызу пікірталас алаңына салды.

 Талқыланған қарарлар:

Бұл Палата электрондық дауыс беруді сайлауға қатысудың негізгі тәсілі ретінде енгізеді

Бұл Палата ұлттық сайлауда дауыс беруді міндетті етеді

Бұл Палата сайлауға қатысу жасын 16 жасқа дейін төмендетеді.

 Қарарлар бүгінгі демократиялық қоғамда белсенді азамат болудың маңызын, жастардың саясатқа араласуын және сайлау жүйесін заманауи технологиялармен жаңғырту мәселелерін қамтыды.

Оқушылар пікір айту, қарсы дәлел келтіру, мысалдар мен логиканы тиімді қолдану арқылы өз көзқарастарын жоғары деңгейде қорғап шықты.

Бұл турнир — сыни ойлау, көшбасшылық және азаматтық белсенділік дағдыларын қалыптастыруға үлкен мүмкіндік болды.