Мектеп парламенті: жаңа оқу жылына жаңа жоспар
12.09.2025 күні мектебімізде «Мектеп парламенті» ұйымының жиналысы өтті. Жиналыс барысында 2025-2026 оқу жылына арналған жылдық жоспар бекітіліп, ұйымның мақсат-міндеттері таныстырылды. Парламент құрамын жаңартуға оқушыларға ұсыныс жасалды. Сыныптардағы өзін-өзі басқару ұйымына өзгертулер енгізілді..