Ақпарат
09-09-2024 20:04
Ақпарат
09.09.24 күні мектебімізде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Сагимбекова, Мектеп парламенті 1-11 сынып оқушыларына жиын өткізді. Жиында «Біртұтас тәрбие» бағдаламасына толық тоқталып сынып сағаттарына қатысып апта дәйексөзімен таныстырды.Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзінде балалар арасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығын атап, білім беру ұйымдарындағы тәрбие ісіне ерекше назар аударуды тапсырды. Осыған орай 2023 жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы әзірленіп, барлық білім беру ұйымдарына енгізілді. Ұлттың жаңа келбетін қалыптастыратын: тәуелсіздік және отаншылдық бірлік және ынтымақ әділдік және жауапкершілік заң және тәртіп еңбекқорлық және кәсіби біліктілік жасампаздық және жаңашылдық құндылықтарын саралап, бала тәрбиесіндегі басты бағдар ретінде айқындады. Ұлт болашағы балалар мен жастардың бойына қандай құндылықтар сіңіретініне байланысты, сол себепті өскелең ұрпақты тәрбиелеу – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі екні айтып мектеп парламентіне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. АПТА САЙЫН: «Менің Қазақстаным» Аптаның дәйексөздері «Қауіпсіздік сабағы» жайында ойларын айтып өтті.