“Мұзафар Әлімбаев балалар әдебиетінің классигі” атты 100 жылдық мерейтойына орай облыстық фестивалі
19-10-2023 10:52
“Мұзафар Әлімбаев балалар әдебиетінің классигі” атты 100 жылдық мерейтойына орай облыстық фестивалі
18.10.2023ж ҚО ББД ОӘО және Балқаш қаласының білім бөлімінің бірлесуімен “С.Сейфуллин атындағы 7 мектеп-гимназиясның” шаңырағында “Мұзафар Әлімбаев балалар әдебиетінің классигі” атты 100 жылдық мерейтойына орай облыстық фестивалі өтті. 
Қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері өз шеберліктерімен бөлісті. Соның ішінде №9 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.С.Козгуренова 11 сынып оқушыларымен сыныптан тыс «Дебат» ойынын ұйымдастырды. 
М. Әлімбаев шығармалары жас ұрпаққа үлгі-өнеге, ұлттық тәлім – тәрбие беретіні сөзсіз. «Бұл палата Мұзафар Әлімбаев шығармаларындағы ең маңызды құндылықтарды атайды» тақырыбы аясында ақынның «Үйлену оңай, үй болу қиын» нақыл сөзіне сөз таластырып, пікіралмасты. 
Қазіргі таңда өзекті де, маңызды болып отырған «Отбасы» құндылығын аргументті факторлар мен дәлелдемелер арқылы «Үкімет» тарапының спикерлері Совет Шүкіролла, Өмірғазы Аяулым және «Оппозиция»  тарапының спикерлері Бөде Жулдыз, Асетова Аяулым қорғап шықты. 
«Дебат» ойынның төрешісі болған қалалық білім бөлімінің әдіскері Мағза Берлібек Балтабекұлы ойын соңын қорытындылады. 
Қарағандыоблысыбілім09
#uo_krg
@orken.media
@balkhashtv
@severnoe_pribalkhashe_news
@balqash_oniri_gazeti
@balqash_qalasy_akimdigi
@umckrg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi