15.12.2022 күні мектеп парламенті және «Ұшқын» дебат клубы мүшелері арасында «Қазақстан мәңгілік жері – Ұлы Дала Елі» тақырыбында үш тілде пікірсайыс ойыны өткізілді. Дебат ойынының мақсаты: Белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу. Оқушылар арасында сыни ойлау тұрғысын, ораторлық қабілет, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыту арқылы зияткерлік және шығармашылық әлеуеттерін қалыптастыру. Қарсы пікірдегі адамдардың қойылған мәселелерін жан-жақты қарап, ойланып-толғануға көмектесу. Тіл үйренушінің сөйлеу дағдысын қалыптастыру.Ойынның басында түсіндірме жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар пікірсайыс форматтарын үйрету, таныстыру және кейстің құрылымы, аргумент, алгоритм, ақпарат іздеу технологияларын меңгеру мәселелері қарастырылды. Оқушылардың дебатқа деген қызығушылығы ойыннан кейін арта түсті.#Тәуелсіздіккүнібілім09; #Балаларжылы09 #balkash_qalasy_bilim_bolimi @agdarbekovagulmira
«Ұшқын» дебат