«Таза оқулық» атты акция ақпараты.
Мектебімізде 08.11.22ж күні «Жас Ұлан» ұйымы және Парламент ұйымының ұйымдастыруымен «Таза оқулық» атты акция ұйымдастырылды. Акция барысында, Мектеп президенті: Абдирбаева Мөлдір, «Жас ұлан» ұйымының ұланбасы: Сапар Сабина, 1-4 сынып оқушыларының оқулықтарын тексерді. Тексеріс барысында оқулығы қапталмаған, кірлеген оқушыларға ескерту айтылып, тапсырма берілді. Оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындырыру, оқулықты құрметтей білуге,ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.