Мектебімізде 2-ші сынып оқушылары мектепшілік мұражаймен танысты. Оқушыларға мұражайдың 3 экспозициялық бөлімі таныстырылды.
1-ші бөлім Ару Балқашым
2-ші бөлім Мектеп тарихынан
3-ші бөлім Батыр Бауыржан Момышұлы
Әр бөлімге жеке-жеке тоқталып таныстырылды. Мектеп мұражайының басты мақсаты - мұражайдағы тарихи құжаттар мен жәдігерлер арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке, ұстаздарға деген құрметке тәрбиелеу, оларға кәсіби қызметінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген адамдарды, мектептің жетістіктерін таныту, мектептің оқу-тәрбие қызметіндегі бай тарихын уағыздау, түлектердің жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік жасау, олардың өлке тарихына қызығушылығын арттыру. Білім ордасындағы мұражай –оқушылардың жүрегіне ізгілік ұялататын, патриотизмге тәрбиелейтін, сезімін ояты, зеректігін арттыратын үлкен тәрбие құралы.
«Мұражай ел тарихының қазынасы»