«Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» тақырыбында өткізілген іс-шара ақпараты
18-03-2022 14:39
«Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» тақырыбында өткізілген іс-шара ақпараты

Мектебімізде 2022 жылдың 16-наурызы күні 3 «Б» сынып оқушылары мектеп мұражайына саяхатқа барды. Мұражай жетекшісі Р.Кашымбекова «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» тақырыбында мағлұматтар берді. Әр ұлттың өзінің ұлттық құндылықтары болады. Бір ұлтты ерекшелендіріп тұратыны оның: тілі, ертегілері, мақал-мәтелдері, лиро-эпостық және батырлар жырлары, әдет- ғұрпы, салт-санасы, менталитеті, мәдениеті, өнері, тағамдары, ұлттық қолөнері, тұрмыстық бұйымдары, ұлттық ойындары. Ұлттық құндылықтарды әр ұлттың ата-бабалары өздерінің өмір сүру салтына байланысты шығарып, пайдаланып, дамытып ұрпақтарына мұра етіп қалдырып отырған. Сондықтан ұлттық құндылықтар сол ұлттың меншігі болып есептелетінін айтып өтті.