Қаламыздың экологиялық жағдайын түзету мақсатында «Мен өз қаламды сүйемін» акциясы бастау алды. Осыған орай Балқаш қаласы №9 жалпы білім беретін мектебі 2021 жылдың қазан айының 26 күні мектеп парламентінің еріктілер тобы мектеп маңына ағаштар отырғызды. Акцияның басты мақсаты: балаларға жақсы үлгі көрсету, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үйретумен қатар оларды еңбекке баулу. Мектебіміздің еріктілері ағаштарды бар ынта-жігерімен отырғызып жатты. Бірі күрегін қолына алып, ағаш отырғызса, енді бірі шелегін алып, оған су құйып, қайнаған тіршіліктің үлгісін көрсетті. Ендігі міндет, тал шыбықтарымыз мəуелі терекке айналғанша тынымсыз еңбектеніп, күнделікті қадағалау болмақ.