Тәуелсіздіктің 30 жыл аясында №9 жалпы білім беретін мектебінде 2021 жылдың қыркүйек айының 30 күні Аға тәлімгер және «Мектеп парламенті» ұйымының мүшелері «Қарттарым - асыл қазынам» тақырыбында іс – шара өткізілді. Мақсаты: көпті көрген дана-гөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ата - баба аманатына адал, ұлттық тәлім - тәрбиені бойына сіңірген, еңбекқор, кішіпейіл, мейірімді, төзімді, өнерлі тұлға тәрбиелеу.
"Сіздерді "1 қазан – Халықаралық қарттар күні" мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мереке аға ұрпақтыӊ қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге "Қарты бар ел - қазыналы ел" дегендей, сіздер біздіӊ қазынамыз болумен қатар, бағыт-бағдар беретін даналықтыӊ сарқылмас бұлағысыздар. Баршаӊызға мықты денсаулық, көтеріӊкі көӊіл-күй, ұзақ ғұмыр тілейміз!