Размер шрифта:
Волейболдан сайыс
21-10-2021 15:37
Волейболдан сайыс
Балқаш қаласы №9 жалпы білім беретін мектебінде 2021 жылдың 21 қазан күні мектеп парламенті ұйымының Спорт және салауатты өмір салты фракциясының жетекшісі С.Ельшибековтың ұйымдастыруымен 9 «А» және 9 «Ә» сынып оқушылары арасында волейболдан ұлдар сайысы өткізілді. Сайыстың қорытындысы бойынша 9 «А» сыныбының ұлдары жеңіске жетті. Мақсаты: волейбол ойындарын үйрету барысында оқушыларды икемділікке,ептілікке үйрету, шапшаңдық секілді дене сапаларын дамыту.