Дебаттық турнир
«Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми -практикалық орталығының жоспарын іске асыру аясында 2021 жылдың 7 қазанында Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен дебаттық турнирінің қалалық кезеңі өтті. Турнир барысында жас спикерлер қарарлар бойынша өз пікірлерін білдірді:
• БП адамдардың бос уақытын көбейту мақсатында экономикалық өсуді, дамуды және прогрессті төмендетеді.
• БП үкімет қала тұрғындарын ауылдық жерлерге көшіру үшін айтарлықтай қаржылық ынталандыру керек д.е.
• БП ғарыштық ұшуларды шектеу (шектеу дегеніміз реттеу, бақылау, қадағалау, азайту) керек деп есептейді.
• БП жануарларға зертханалық жұмыс жүргізуге тыйым салады.Мектебіміздің "Ұшқын" командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді .