«Туған жер - алтын бесігім» оқушыларымен викториналық ойын
![«Туған жер - алтын бесігім» оқушыларымен викториналық ойын](/media/img/blogs/606595ceb04ee.jpg)
2021 жылдың 29-наурызы күні мектебіміздің «Жас өлкетанушы» үйірмесінің жетекшісі Р.Кашымбекованың ұйымдастыруымен «Туған жер - алтын бесігім» тақырыбында 5 «Ә» сыныбы оқушыларымен викториналық ойын өткізілді. Мақсаты: өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойында туған жерге, туған елге деген сүйіспеншлік сезімін қалыптастыру, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Ойын барысында оқушылар туған жер туралы мақал – мәтелдердің мағынасына көз жүгіртіп, туған қаламыз Балқаш қаласының тарихы туралы сұрақтарға қызығушылықпен жауап берді.