Мектеп президентін сайлау бойынша түсіндірме отырысы
09-10-2026 13:22
Мектебімізде мектеп президентін сайлау үдерісіне байланысты түсіндірме отырысы өткізілді. Отырыс барысында оқушыларға мектеп президентін сайлаудың мақсаты мен маңызы түсіндіріліп, сайлау кезеңдері, үміткерлерге қойылатын талаптар және дауыс беру тәртібі туралы ақпарат берілді.
 
Сонымен қатар оқушылардың мектеп өміріне белсенді қатысуы, көшбасшылық қабілеттерін дамытуы және өз таңдауларын жауапкершілікпен жасауы жөнінде айтылды.
 
Отырыс соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қажетті мәліметтер алды. Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп президентін сайлауды ашық әрі әділ өткізуге бағыт беру және оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымына деген қызығушылығын арттыру.
https://balkhash.goo.kz/media/img/photohost/6ac8a46dbe5ea.jpeg