Размер шрифта:
2026 жылғы 16 сәуір күні «Вандализм. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 294-бап» тақырыбында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 8-сынып оқушылары арасында түсіндіру дәрісі өткізілді. Аталған іс-шараға Балқаш ПБ учаскелік полиция инспекторы, к
16-04-2026 09:23
2026 жылғы 16 сәуір күні «Вандализм. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 294-бап» тақырыбында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 8-сынып оқушылары арасында түсіндіру дәрісі өткізілді.
Аталған іс-шараға Балқаш ПБ учаскелік полиция инспекторы, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция бөлімінің аға лейтенанты Накен Е.Р. қатысты.
Дәріс барысында оқушыларға вандализм ұғымы, оның қоғамға тигізетін зияны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес көзделген жауапкершілік түрлері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, оқушыларға қоғамдық тәртіпті сақтау, бөтен мүлікке зиян келтірмеу, құқықбұзушылықтың алдын алу жолдары туралы ақпарат берілді.